“Оңтүстік Корея”- Арысбаева Ғ. К.

Түркістан облысының білім басқармасының қолдауымен Кентау қаласының Кентау көпсалалы колледжінің техникалық бөлім меңгерушісі Ғ.К. Арысбаева 2023 жылдың 24-31 наурыз аралығында Оңтүстік Корея елінің Тэджон қаласында өткен “Оңтүстік Корея” ынтымақтастық синергиясы атты халықаралық семинарда болды.
Ғ.К. Арысбаева семинар нәтижесімен, атқарылған жұмыстар туралы есебімен Түркістан облысы колледждерімен бөлісті.
“Оңтүстік Корея ынтымақтастық синергиясы” семинары ТОО “Халықаралық білімді қолдау орталығы GLOBAL САПА” республикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Тэджон қаласында 19 университет, 30 ұлттық зерттеу орталығы бар. Соның ішінде “WOOSONG” университеті халықаралық деңгейдегі 12 000 студенті, 780 профессоры,67 елде 430 зерттеу орталықтары бар, Корея елінің білім министрлігі “Автономды университет” деп мойындаған, IEOAS аккредитациядан өткен оқу орны. Семинар барысында Woosong универстетінің балабақша-мектеп-колледж-университет базасындағы оқу бағдарламасымен және Solbridge халықаралық бизнес мектебі, Endicott College, Hotel management, Culinary Arts, Media Communication Arts, Global Railroad and Transport, Management, Restaurant and Entrepreneurship колледждерінің оқу бағдарламаларымен, материалдық базасымен танысып, екі жақты тиімді меморандумға қол қойылды.
Ғ.К. Арысбаева семинар нәтижесімен бөлісе отырып, колледжде 07161300 “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығы бойынша жұмыс оқу бағдарламасын жасау барысында жұмыс берушімен екі жақты тиімді ұсыныстар жасау, техникалық базаны нығайту, білім алушылардың ептілігін дамытып, сұранысқа ие ,заман талабына сай маман болуына мүмкіндік жасау туралы ұсыныстарын жеткізді, соның негізінде арнайы пән оқытушылармен бірге жұмыс тобы құрылды.
Алдағы уақытта осы мамандық бойынша Woosong университетімен екі жақты тиімді меморандум арқылы білім алушыларды тағлымдамадан өткізу жоспарлануда.
https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=1654012188336591&id=100011834766490&mibextid=WC7FNe

#Оқуағартуминистрлігі